Ескі архив · 31.05.2011 13:57

Сағыныш + үміт

Сен де мені сағынарсың, Ашса қауыз гүл бақта. Іздеп мені сабыларсың, Мен жүрмейтін бір жақта. Бұлттан бейнем түзілгенде, Мені аңсарсың бір күні. Іштен әуен сезілгенде, Қобалжисың біртүрлі. Талдан, таудан сұрап мені, Таба алмасаң, жыларсың. Мың нүктеден құрап мені, Жол шетіне құларсың. Жүрегіңе мұң аларсың, Өтіп көл мен теңізден. Бәлкім біліп қуанарсың, Жүргенімді сені іздеп… АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕК
Авторы:
borte_92

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту