Бір ғана кемшілік
Германияның ертеде өткен бір патшасы бір соғыс кемесін жасатыпты.Ол соғыс кеменің артықшылықтары баршылық екен. Кеме жасалып біткен күні патша арнаулы мамандарды жинап кемеге баға беру жайында кеңеске шақырыпты. Мамандар әр түрлі тұрғыдан талдау жасаған соң патшаға «кемеңіздің көркемділігі көз сүріндіреді, дүниеде бұдан үлкен соғыс кемесі жөқ. Кемедегі зеңбіректердің орналасуы да өте ретті. Жаудың шабуылнан сақтану үшін жасалған қалтқы да өте мықты. Суда жүзу жылдамдыығы да өте тез, әрі орнықты екен, бірақ тек ғана бір кемшілігі кемеңізді суға(теңізге) салдыңыз болды батып кетеді.»депті…
Дүниеде кемшіліксіз адам болмайды, деседе кеме секілді суға батыратын кемшілікті өзгертуге тырыспау, өлімге басын ұсынғанмен бірдей. Бәлкім сен асқан қабілетті болуың мүмкін, бәлкім елден ерек өнерің бар болуы мүмкін. бірақ сенің такаппар мінезің болса, жан біткенді жақтырмайтын болсаң онда сенің сол бір ғана кемшілігің суға батыруы мүмкін.
мейлі сен елден бөлекше жаратылған зерек бол, арманың асқақ болсын, бірақ сенің жалқаулығың болса, сол кемшілігің ақ сені суға батыруы мүмкін.
Сен ерекше ұлтшыл бол, халқыңды жаныңа бала, бірақ сен ұлтың үшін бірер іс істей алмасаң бұл сенің қолыңнан түк келмейтіндігін дәлелдеп бермейме.
бұл тақырыпқа бір ғана ең үлкен кемшіліктеріңіз туралы айта кетулеріңізді сұраймын. Бізде қандай кемшілік ең көп екенін білу үшін жолдап отырмын.
