Drupal қазақша сөйлей бастады
Сәлем, kerekinfo.kz қауымы!
Қазіргі таңда Drupal CMS-і қазақшаға аударылу үстінде. Нақтырақ айтқанда Drupal 6 ядросының 70%-дай жолы аударылды. Кейін Drupal 5 және 7 нұсқалары да аударылады. Сонымен қоса CMS-тің тек қана қолданушы емес, басқарушы жағыда аударылады.
Аудару Drupal-дың аудару орталығы арқылы атқарылады. Егер сілтемемен өтсеңіз қазақшаға 23% аударылғаның көресіз. Бұл ядромен қоса қосымша модульдердің аударылған пайызы. Қазір тек қана ядроны аударғалы отырмыз. Бірақтам соның өзі қазақша блог, форум немесе портал жасауғы жеткілікті.
Аудару тобында мен(jarjan) және RamErs бар. Және де басқа аударушыларға алғысымызды білдіреміз.
Аудару файлдарын төмендегі сілтемелерден жүктей аласыз:
• Drupal 5
• Drupal 6
• Drupal 7
Жақын арада "Қазақ Drupal қауымдастығы" жұмыс істей бастайды.
Жобаға көмек көрсетіп жатқан Kcell-ге алғысымызды білдіреміз.
