Керемет жерден бір сыр
Естеріңізде болса, Көлсайға барғым бар деп жазған едім, сол арманыма жеттім :).
Сол дикарем деп жоспарланған бойынша, ұшақтан түсе салысымен, күтіп алған Меруерт ханыммен Сайран автобекетіне барған едік, ол жақтан еш көлік болмай, Саяхатқа бет түзедік. Сағат 7.30-да шыққан Газель Сатыға 12-лерде жетті ғой, айтпақшы, жолда біраз ламбада билеп алғанымызды айтып өткім келіп отырғаны :)
Құрмет деген елді мекенге бұрылатын жерге дейін көлікпен жетіп алып, әрі қарай «Көлсай-қайдасың?» деп жаяу тарттық. Рахат, құлаққа ұрған тыныштық, жан жақтың бәрі жап-жасыл. Асығыс болмағандықтан, ұнатқан жерімізге тоқтай қалып, күн шуақтап жатып та алдық, жайылып жүрген жылқыларды бақылап та алдық :). 18 км деген жердің жартысынан көбін жаяулатып өттік, несін сұрайсыз :) Әрі қарай, жолай кетіп бара жатқан бос көлікке мініп, «Көлсай көлдері» атты ұлттық паркке жеттік :)
Сезон әлі басталмағандықтан коттедж үйлерде дайындық жұмыстары бітпеген екен, оған қарайтын біз емес, адам басына 2000 тг төлеп, 1 коттедж жалдадық. Негізі, студенттерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге 50 пайыздық жеңілдік бар екен, ол жөнінде коммендант ештеңе демеді. Айтпақшы, Көлсайға кіру ақысы 651 тг, егер де барып жатсаңыз, ұмытпаңыз :)
Тарихи аңыздар жоқтың қасы ма деймін, әлде бізге бұл жөнінде не повезло ма екен, бір ғана аңызды естіп білдік. Баяғыда бір бай болған екен. Оның үш ару қызы болыпты. Сол үш аруға бір жігіт, сол жігітке үш ару ғашық болған екен. Не істемек керек? Ойлана келе, бәріне ортақ шешім қабылдап, үш аруды үш әсем көлге, жігітті сол көлдерді жалғайтын өзенге айналдырған екен дейді аңыз.
Сол әсем көлдің басында йоганы еске алып, алабай итпен достасып, қаздардың жүзгенін, балықтардың секіргенін бақылап, керемет релаксация жасап қайттық. Шыны керек, қайтқым келмеді. Мүмкін болса, сол жерде өмір сүруге қалар едім :)
Ұмытып барады екенмін, аяқ астынан Меруерт екеуіміз журналист те болып кеттік. Біз барған уақытта Сатыда «Саябақтар шеруі-2011» атты халықаралық іс-шара ұйымдастырылып жатыр екен, соған арналардан телевизионщиктер келген, келгендері бізге жақсы болып, күріштің арқасында күрмек су ішеді болып, парктің басшыларынан, ауыл әкімдерінен сұхбат алып алдық. Солай, кемеден мейрамға демекші, демалысымыз мәдени іс-шаралармен қамтылып, қызықты өтті.
Дүкен бағаларынан басқа бәрі ұнады өзіме, табиғатын айтып жеткізуге сөзім жетпейді, кеудені толтыра демалғаннан артық іс-әрекеттің өзі артық па деймін :). Демалысыңызда міндетті түрде барып қайтыңыз дер едім, өкінбейсіз :) Сатыда қонақ қабылдайтын үйлерге тоқтасаңыз күніне 4 мың тг (3-4 мезгіл тамақ қосылған) және қосымша ақыға Көлсайдың басына баратын көлікпен қамтылып, турпоходтарға қосыла аласыз :)
ПС: Барып-келу-тұру барлығы 5000 тг болды. Дикарем болғанның артықшылығы көп қой негізі :)
Алабаймен достасып, Ақтөс дедік, Бөрібасар дедік, бәрібір шын атын білмедік :)
Меруерт ханым табиғат аясында осындай :)
Ал, бұл мен, лажы болса сол жерден кеткісі жоқ :)
