Ескі архив · 01.06.2011 14:01

Жапония күнделігінен: Umikirara аквапаркі және Сасебодағы кеш

Kujukushima аралдарына саяхатымызды аяқтап, арнайы таксимен Сасебодағы Umikirara аквапаркіне келдік. Сағат күндізгі төрттен кетіп қалыпты, асыға күткен дельфиндер шоуы шамамен жарты сағат бұрын бітіп кеткен екен, қап! дегеннен басқа амал қалмады. Сонымен су әлеміне саяхатымыз басталды: ірі аквариум, ішінде балықтың барлық түрі топтастырылған: Сыр-сұхбат: Сыртта дельфиндерді жаттықтырып жатыр екен: Өкінішке орай, арнайы қоршаулардан әрі асып бара алмадық, қасына барып ұстай алмадық,арманым сол болатын, қимай тұрып-тұрып, келесі есікке беттедік, онда медузалар мекені орналасқан: мынаны көру үшін көз керек, өзі иненің тесігіндей: Біраз шарлап, үлкен аквариум жанынан бір — ақ шықтық: әріректе дельфиндердің бассейні: Дельфиндер басында бір келіп, бір кетіп жүрді. Өздері ықылас-ниетке қатты үйреніп қалған болулары керек, қол бұлғаған бізді көріп, енді айналшықтап кетпей қойды. Жабылатын уақыт таяп қалса да, біздер кете алмай біраз отырдық. Парктен шыға, біраз қыдырыстап, панораманы қарап, Нагасакиге тарттық поезбен. Унзенде кездескенше!
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту