Ескі архив · 02.06.2011 10:15

Қазақ футболының тарихы бүлінуде, "Локомотив" "Астана" атанды

Астаналық Локомотив футбол командасы бұдан кейін Астана деп аталатын болды. Бұл туралы сөз шыққан кезде 1-лигада ойнап жүрген Астана футбол клубының жанкүйерлері интернетте шу көтерген еді. Сол сөз кеше ресми түрде расталды. Клуб бұдан кейін Астана деп аталатын болады. Локомотивтің Астанаға негізі қатысы жоқ, алматылық Мегаспорт пен Алма-ата командаларынан құрылған команда еді. Енді келіп соншама жыл тарихы бар бұрынғы Жеңіс, қазіргі Астана командасының атын тартып алып отыр. Қазақ футбол тарихын, жанкүйерлерді сыйламағандық деп санаймын мұны. Астананың жанкүйерлері жаңа Астана командасына қолдау көрсетпейміз деп отыр. Және басқа жанкүйерлерден сайттарында Локомотив командасының атын сол бұрынғыдай Локомотив деп жазуларын өтінуде. Яғни жаңа аттарын мойындамауымыз керек. Сіздерден де соны сұраймын.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту