Ескі архив · 02.06.2011 16:25

Ең маңызды бес ауыз сөз

Ең қастерлеуге тиісті сөз _ «Мен сені сүйемін». Бұл сөзді естігеніңіз басқалардың махаббатына ие бола алатындығыңызды түсіндіреді. Дүниеде басқалардың сүйіспеншілігіне ие болудан өткен адамды зор сенімге бөлейтын, қуанта алатын сі болмаса керек. Ең зор шабыт беретін сөз _ «лезде барамын». Әрқандай адамның басқалардың көмегіне мұқтаж шақтары, қиналған кездері болады. Басқалардың «лезде барамын» деген бір ауыз сөзін естігеніңізде өзіңіз бір түрлі жеңіл, көңілді сезінесіз. Ең зор сенім бағыштайтын сөз _ « мен сіздің сөзсіз істей алатындығыңызға сенемін». Егер сенім болса, әрқандай қиын істі де жүзеге асыруға болады. Сенім болмаса, оңай істердің де соңы шықпайды. «мен сіздің сөзсіз істей алатындығыңызға сенемін» деген бұл сөз адамдарға зор күш — қуат бағыштайды. Өсек — аяңнан арылта алатын сөз _ «ит үре береді, керуен жүре береді». Адамдар әр түрлі өсек сөздерді естігенде өзіңіздің іс — әрекетіңізге мән беріп, сеніміңіз бекем болсын, өзіңізге сеніңіз, «басқалар былжырай берсін!». Адамға ең салмақ салатын сөз _ «бәлкім сіздікі дұрыс шығар». Күрделі мәселелер туылғанда өз кемшілігін мойнына алу адамдардың атақ – абыройына әсер көрсетеді. Бірақ сіз салмақтіліқпен бұл сөзді айтсаңыз, сабырлы бола аласыз, арадағы қайшылықтан сақтанып, басқалармен пікір бірлігіне келе аласыз
Авторы:
serjan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту