Жазалайтын болды! Ох, қатал жазалайтын болды!
Ескілік болып кетпей тұрып жариялайын:
Кеше таңертең сағат 10.45 шамасында Алматыдағы Абай мен Фурманов көшелерінің қиылысында №35 маршруттағы автобус пен жол полициясының автокөлігі соқтығысып қалған екен. Батыс бағытында келе жатқан автобус, жол реттеуші полиция қызметкерінің жүруге тыйым салатын сигналын елеместен көшені кесіп өтемін деп, сол кезде солтүстік бағытында (алматыша — төмен қарай) жолдан өтіп бара жатқан жол полициясының машинасын соғып кеткен. Құдай атқанда, зардап шеккендер бар дейді. Біреуі — батальон командирі екен (ал керек болса!).
Енді автобус жүргізушілерінің ішінде тазалау басталатын сияқты. Автобус айдаушыларға тіс қайрап жүргендер онсыз да көп еді.
Суретте — айтылған жол полициясының машинасы. Алынған жері — мынау. Сол сілтеме арқылы өтсеңдер, басқа да суреттер, тіпті көшедегі камераға түсірілген видеосы да бар.Видеоның мына жерге қоятын коды жоқ екен.
