Ескі архив · 03.06.2011 17:51

@Altygradus -қа арнадым...

*** Самурайлық берілмеген маған. Шырамытад жұрт көбіне — сұмырайлық. Рютаро санның саны ауырып жүр: Бүгін кешке сооныкіне барайық. (Хошы болса — батасын да алайық). *** Сен дегенде — жан бар ма? Жан бар, ол — Сайто сэнсей; Ол да өлердей ғашық саған, сенсейш!!! *** Қорлық екен: 30 000 иероглифтің «Махаббат» деген сөзді жазуға Біреуін де танымадым. Иә, танымадым: Хошимото сан айтпады. (Ол да саған табынатын). *** Жүрегім менің Фукусимадай ытқып тұр десем, Жапондар жаңа метафорама Сотқа берер ме еді, әлде сені Қасыма әкеліп берер ме еді? *** Сөз жоқ: Императорды мен де сыйлайм. Бірақ мен тек бір уақытта — бір адам ғана сыйлай алам: Күнде Акихитоны сыйлай берсем — Сені қашан сыйлайм?
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту