@madlen-ге арнадым
@qisyq жалғастырған эстафетаның жалғасы!
Мадленжан, көзің қара, жүзің ұлпа
Қарағанның барлығы қызығуда
Өзіңді бір рет көріп блогкэмпте
Сәл қалған ед бұл ойым бұзылуға
Жыр жазуға келіпті орай уақыт
Содан бері өтті ғой талай уақыт
Өзіңді Көктөбеде көргенімде
Жүрген ең «Гастарбайтер ағайлатып»
Керекшілер сүйсініп қоймап еді
Білмен бірақ алған ед ойға нені
Әйтеуір кейбіреулер үлкенсіп кеп
Біздегі пәк сезімді жоймақ еді (осы жерде өзім бұттан кеттім)
Саған құмар кішісі, ересегі
Көңіліңнен көктемдей жел еседі
Ұзақ болсын әрқашан Керектегі
Виртуалды жұптардың келешегі
Бары осы! Ұнамаса, жұмыртқа лақтырып жылатпаңдар:)))
