Патиктің пассаты
Өткенде бір рет Патиктің мәшинесінің презентациясын жасаймыз деп едім. Ұмытып кетіппін. Патекең мәшине алғанынан бұған дейін хабарлағанбыз, намектермен. Айтпақшы Патикті бәрің танисың ғой. Патик, Ернар, Геракл, Киностан сайтының тең төрағасы, (өткенде біреу сайттың деректірі деп жазғанын көріп едім) блогкемптағы тайм киперлардың бастығы, осы Керекинфоның белсенді қолданушысы. Очм сол Ерекең өткенде астына ат мінген. Алматылық ағайын оффлайнда бір-екі рет тілек айтқанбыз. Көпшілігі көріп үлгерген жоқ. Суреті міне,
көріп, тост айтсаңыздар деген ниет бар. Әбіләкім өзің басқар дастарханды, ақшасын сосын жинап береміз. Тілекке қыстырамыз десеңіздер, қысқаша мінездеме. Аты Фольксваген Пассат. 1991 жылғы. Двигательдің көлемі 2.0. Коробкасы механикалы. Бағасыы не важно. Бастысы Ерекең Алматыда жолполдың өзін соғып жатқан автобуспен жүрмейтін болды. Ал, Ереке көлігің астында тозсын. 1 шілдеге дейін ілінбей арзан кезінде алып қалғаның дұрыс болды. Автоәуесқой атануыңмен!!!
