Ескі архив · 03.06.2011 02:29

Поздные зажигание немесе бірінші посттың орнына

Алдында бір @bindis деген қолданушы шегімізді қатырып еді. Сол кезде менің есіме өзімнің алғаш осы сайтқа тіркелгенім түсіп кетті. Сол туралы айта кетейін. Неменеге мына бәле бала қайта мылжыңдап отыр демеңдер. Қарап отырсам бәрі алғашқы постын танысудан бастапты. Менікі небтемү болып еді. Иә, басы қалай болып еді? Содан бастайық. Ең алғаш ештеңе болмап еді. Құдай аспан мен жерді жаратты. Содан кейін барып… Бір күні қайдан тап болғанымды қайдам ворпресстан блог ашып алдым. Шамасы @Zere-нің блогына кірдім ау деймін. «Ақын… періште» деген сықылды сөздері бар еді ең басында. Содан кейін блогқа бірдеңке жазу керек болды. Алдында компта тұрғандарды копи паст ете салдым. Кейін @urimtal-дың блогына кіріп блог бастағың келсе деген ПДФ нұсқаны алып қарап шықтым. Оқазыватсиа, блогың танымал болуы үшін басқа блогқа кіріп тұруың керек екен. Өзгелердің ауылына ат басын солай бұрдым. Бір кезде қаңғалақтап отырып Аршатты басжівердім. Содан дабай.кз ашылды. Ол жерге керекинвоға бар депті. Бардым.Тіркел деп тұр. Тіркелдім. Содан қызық басталды. Бұл менің ҚазНетке келген алғашқы күнім еді. Шынымды айтсам түк түсінген жоқпын. Қайдағы жоқ, блогкемп дейді. Анау-мынау, очм басыма түк кірмеді. Оның үстіне жаңадан ауырудан айыққан едім. Содан анау болды, мынау болды. Кунг-Фу панданың алғашқы күні секілді болды. Күн сайын кіргенім болмаса ненің не екенін айыра алмадым. Біреумен егестім, біреумен таластым, біреуден таяқ жедім. Дым ұқпадым(қазір де ұққаным шамалы. Әңгіменің қысқасы осы. Қазір қараңғы бөлмеде, өз ойыммен өзім болып отырып сол кез есіме түсіп отыр. Бұрынырақта артық кеткен жерлерім болса кешіріңдер. Әсіресе, Сатыбалдыдан үлкееен кешірім сұраймын. Бір жолы қатты жаман сөз айтып жіберіппін.
Авторы:
konvict

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту