Ескі архив · 03.06.2011 11:04

Суреттер сатысы (баспалдақ)

Қарап отырсам менде де балалық болыпты.Ауылдағы суреттерге қолым жететін түрі жоқ әзірге.Мына суреттермен өсу жолымды))) баяндай кетейін. 2-ші суретте 1987 жыл,5 июнь деген жазуы бар артында. Әкемнің інісімен түскен суретім. Осы кісінің тракторынан, кейін Уаз машинасынан түспеуші едім)))) 3-ші сурет Жамбылдың жүз елу жылдық тойында Жезқазғанда түсірілген.Мониторға қарама-қарсы оң жақтағы мен. Мынау 4-ші сурет 1997 жылғы сурет екен. Ауылдағы бір қара жарыстан алған «крутой мафон». Негізі мен атқа шауып жүрген жылдары машина тікпеуші еді бәйгеге. Үш аяқты «Урал» мәтәсекілін алдым ең үлкені. Кілем жабылған аттар жетеді жүлде қорымызда)))) 4-ші сурет,16 жасымда. 5-ші суретте өзіміздің атқа шабуға салмағымыз келмей қалған соң інілеріміздің шашбауын көтеріп жүрген кезіміз. Өзім баптап барған мына құнанмен бас бәйгені алып кеткенбіз Жезқазған жақтан))))
Авторы:
Abilakim

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту