Жазалап жатыр! Ох, қатал жазалап жатыр!
Екі күн бұрын omarbirat-тың «Жазалайтын болды! Ох, қатал жазалайтын болдысы!» расқа айналды. Жазалау басталды. Бүгін Алматы қалалық жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы гәйшініктің мәшинесін соғып, гәйкілерін шашып жіберген № 35 бағыттың иесі «Экспресс транс» ЖШС-мен бағытты басқару туралы келісім-шартты үзді. Аталған бағыт конкурс өткізілгенге дейін басқа тасымалдаушыға беріліп те үлгеріпті. Басқарманың хабарлауынша алдағы уақытта бұл компаниямен басқа бағыттар бойынша да келісім-шарт үзіліп, басқа тасымалдаушыларға берілмек. Сөйтіп Алматыдағы жолаушы тасымалдаушы бір компания банкорот болады. Гәйшніктің құдыреті деген сол бұл оқиғадан соң маусым-шілде айларында Алматыдағы барлық аптобоздардың мәселесі май шаммен қаралмақ. Гәйшнікті соқпаса тексерілмес те еді. Біздің құзырлы ағайынның соғып, атыс-шабыс болып, жер сілкініп дегендей болған соң ғана қимылдайтын күчті әдеті бар. Айтпақшы бір гәйді соғам деп бір компанияны банкрот жасаған А 639 EU нөмірлі автобус жүргізушісі 1988 жылы туған Руслан Қалиев деген қазақ екен.Біреудің класстас, ауылдасы емес па дегендей ғой. Ол соққан жол полициясы батальон командирінің орынбасары А.Байтұрсыновтың жағдайы өте ауыр, комада жатқан көрінеді. Айтпақшы Жол бойындағы бейнебақылау камераларынан автобус жүргізушісінің кінәлі екендігін дәлелдейтін айғақтар табылған.(Енді өз камерам өзімді кінәлі жасамайды ғой,ә)
