Жазалау: Әжетханада
Әп-әсем, өп-өркениетті, мәп-мәдениетті бір жерде келе жатып, әжетханасына кіре қалсаң, есік алдында қабағы түйілген әйел отырады. 30 теңгені соған ұстатасың, әрине әжет өтеу үшін. Сосын ол саған үзіп-үзіп дайындап қойған ұзандығы бір сүйем болатын әжетхана қағазын береді. Не деген үнемшілдік, не деген өркениетсіздік! Дәл сол кезде әжеттен шығып қалған қағаздарды шелектеп тұрып төбесінен жаудырса. Дәл сол арзанқол сары қағазға зар қылғызып, үш күн, үш түн әжет өтейтін сасық кабинаға қамап қойса. Ох, сөйтіп қатал жазаласа ол шіркіндерді!
