Ескі архив · 05.06.2011 16:41

Атқан таңның арайынан тілеймін...

vkototy.wordpress.com Жүрген жоқсың артта қалып басқадан, Таңсық емес, Білем саған асқақ ән. Әттең қызбын, сол себепті кей сәтте, Намысқойлық жігерімді жасқаған… estetika91.wordpress.com/ Маза бермей жүректегі жалын ән, Бірде шалқып, бірде оңбай тарынам. Түсінемісің, бұл күйімді ЗАҢҒАРЫМ, Мен кей сәтте өлеңнен де жалығам… Бақыт құсы қолыңа кеп қонса деп, Жолың дәйім жұпар гүлге толса деп. Атқан таңның арайынан тілеймін, Тілегіңнің бәрі қабыл болса деп…
Авторы:
estetika91

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту