Ескі архив · 05.06.2011 21:48

Бес тілек

Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз Әзәзіл, пасық, залымның Тіліне еріп азбасқа Үшінші тілек тілеңіз Үшкілсіз көйлек кимеске. Төртінші тілек тілеңіз Төрде төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз Біреуі қаза қалмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз Алты қанат ақ орда Ардақтаған аяулың Күнінде барып біреуге Тегіннен-тегін олжа болмасқа!!! Бұқар жырау Ал біз қазір бес тілек тіле десе, не тілер едік?
Авторы:
Ahi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту