Ескі архив · 05.06.2011 22:18

ҰБТ-ға арнадым!

Гүлжайнат құрбымыздың ҰБТ туралы өлеңін оқып, бір кездері өзімнің сары уайымға салынып жазғаным есіме түсіп кетті. 3 шумақ секілді еді, біреуін есіме түсіре алмадым))) Керекте де тақырыптар көтеріліп жатыр екен, мен де жариялап жіберейін) Иә, айтпақшы Муза шешей сол кезде-ақ өлген болуы керек :$ ҰБТ ҰБТ! Тітіркентті жүректі! ҰБТ! Көңіл байғұс дір етті… ҰБТ! Келеді ойға қайдағы… Кім жеңер? Білімді, әлде білекті? ҰБТ… Бәлкім жақсы зат болар? ҰБТ… Мүмкін үміт ақталар? ҰБТ… Алып Алтын белгіні, Қуанып, пәк көңілім шаттанар?
Авторы:
AKY

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту