Ескі архив · 05.06.2011 16:49

Кімдерде қандай қалам болған...

Қазір қарындаш, қалам секілді алуан түрлі жазу құралдары көп, бірақ бұлар мүлдем болмаған замандар өткен ғой. Қызық! Сонда олар нені пайдаланған деген сұрақ келеді ойға. Ежелгі Египетте папирусқа ұшталған қамыс таяқша болған, олар сонымен жазған. Ол «қалам» деп аталған. Қосөзен аралығында да осындай қалам қолданылған, бірақ ұштағанда ұшын үшбұрыш етіп шығаратын болған. Осы себепті қыш тақталарға жазылған жазу сына бітімдес болып түсетін. Сондықтан мұндай жазу «сына жазу» деп аталған. Қытайда иероглифтер қылқаламмен салынған. Гректер мен римдіктер де папирусқа қаламмен жазған. Қауырсынның (перо) пайдаланыла бастауы шамамен 7 ғасырдан бері ғана,көбінесе қаздың қауырсыны қолданылған. Бұл үшін қауырсынның ұшын ыстық құмға немесе қоламтаға көміп, майын кетіріп, жұмсартып алатын болған. Қалам ұштайтын арнайы бәкі де осыған байланысты шыққан. 19 ғасырдың 30-40 жылдарында қауырсынның орнына металл қаламұштар шықса,ұшына кішкене шарлар салынған қазіргі қаламдар қаламдар өткен ғасырдың ортасында шыққан. P.S. Қазірде міне, экономикамыз күн санап дамыған сайын, техниканың мүмкіндіктері де дамуда. Оның қарапайым ғана мысалы осы жазу құралдары бола алады. Біз мол мүмкіндіктер кеңістігінде өмір сүрудеміз. Сондықтан да сіз бен біз бақытты ұрпақтармыз, замандастар!.. estetika91.wordpress.com/page/2/
Авторы:
estetika91

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту