3 сағаттық жұмыс немесе I love KEREKINFO!!!
Барлықтарыңызға сәлем! Бұл жазбамда сіздерге өз қолымнан шыққан шағын ғана туындыны таныстырмақпын. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп бастадым, ал кеттік онда!
Өзім негізінен сурет салып, қолөнер жұмыстарымен айналысқанды жақсы көремін. Кеше үйден бос жатқан, ескі рамканы тауып алдым. Оны тазалап, әсемдеп, әспеттеп жаңашаламақ болдым. 1 — қадам.
Рамкаға ақ матаны қағып, жиектерін гуашьпен боядым. 2 — қадам.
Соңғы кездері суретті қағазға емес, матаға салып жүрмін. Оңай дей алмаймын әрине, бірақ өте қызықты жұмыс. Енді бұл матаға "қандай сурет саламын?" деген ой келді. Біраз ойлана келе бір ойға келдім. 3 — қадам.
Міне, бары осы! 4 — қадам.
Жақында ғана қосылдым, мені осында жетектеп әкелген бір кісіге мың да бір алғыс, Аллаһ разы болсын! Осындай керемет қазақша сайттың барына ризашылығымды білдіргім келді. Рахмет саған, KEREKINFO!!!
Пы.Сы. Ысмайликтердің де қосылуымен тұспа-тұс келіпті жазбам кеше жазамын деп ойлағам негізі. Ондай керемет суретші емеспін, қателіктер де болады әрине. Жазбаны да асығыс жазып отырмын, тәтті-пәтті пісіріп жүрмін үйде) шалалықтарымды дұрыс қабылдарсыздар деп ойлаймын. РАХМЕТ!!!
