CЫНАУҒА МА ,СЫНАҚҚА МА БАРДЫМ....
Бүгін жергілікті Қазақстан-Өскемен каналына пробаға бардым.Бара салысымен визажист отырғызып қойып, бояды. Шашымды жинап тастады. Мен бірден +5 жасқа үлкейдім)Сосын жазатын залға кіріп, отырғасын,қызық басталды. Электрондық суфлер бар екен, мен очки алмағанмын не линза кимей барғанмын,қағаздан оқимын деп, суфлерынан оқи алмадым.
Сосын режиссер айтты: бір тақпақ оқып берші деп, есіме түк түспей, Пушкин атаның «Сказка о царе Салтанесін» оқи салдым: Три девицы под окном, пряли поздно вечерком… деп, аяғына дейін тоқтатпады. Сосын өзің туралы айт деді.
Маған ұнаған жоқ. Бірақ ертеңге тағы шақырды.
