Керек-айтыс
Бұл күнде біздің өмір барыс-қайтыс,
Жолымыз да кедір-бұдыр, ұйқыш-айқыш,
Жұмыс пен үй ортасын шаң қылғанда,
Көңіл, шіркін, сұрайды екен Керек-айтыс.
Керекте ақымақ аз, ақылман көп,
Керекте тұйықтар аз, ақындар көп.
Онлайн отырғанын көргеніңде
Жаныңды жылытатын жақындар көп.
Бұл пәни баянды емес, бір-ақ тұтам,
Жыр айтамын дегенің тілге мықтан.
Абайсызда артық сөз айтып қойсаң,
Флудтап керектіктер кетед бұттан.
Базбіреу бұрыс сөзді тереді кіл.
Сондықтан біз айтайық келелі жыр,
Салиқалы, ұлағатты әңгіме айтсақ,
Бағасын қалың қауым береді-дүр…
