Ескі архив · 07.06.2011 12:36

Бэкап істеп отырыңдар

Жұмысымда бір келеңсіз оқиғалар болып қалып, енді ғана босап отырмын. Маған қарасты бір сайттың мәліметтер қорында бір мәселелер шығып, соны қалпына келтірген едім. Оны қалпына келтіру үшін әрине копиясы болуы керек екені крпіге де түсінікті шығар. Аптасына кем дегенде бір рет бэкап істеп отыру керек. Кейін соны импорт жасай қоясың. Бірақ дамп пен импортты қалай жасаған дұрыс? Бұрын phpmyadmin арқылы бітпейтін ұзақ жыныстық қатынасқа түсетін едім. Кеше бір жақсы шешім таптым: Sypex Dumper деп аталады бұл скрипт. Осы скриптті түсіріп алып, серверіңізге орналастырасыз. Сосын керек базаңыздың логин және құпиясөзімен кіріп, қалаған нәрсеңізді істейсіз. Өте оңай және тез. Мен 151 МБ-тық файлды 5 минутқа жетер жетпес уақытта импорт жасап алдым. Скриптті мына жерден түсіріп алыңыз.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту