Ескі архив · 08.06.2011 18:05

Google.KZ кетті Қазнеттен

Бүгіннен бастап Google.kz домені өз қызметін тоқтатты. Тоқтатқанда қалай, істеп тұр ғой бірақ kz доменімен емес. Com-ға өтіп кетеді. Өйткені бізде жақында шыққан заңға байланысты KZ доменіндегі барлық сайттардың хостингі тек қана Қазақстан территориясында болуы қажет. Яғни сайт файлдары біздің серверлерде тұруы керек. Google әрине көшпейді, одан да домен редиректін таңдаған. Түсінбеген болсаңыз түсінікті қылып түсіндіруге тырысайын. Егер сіз бір сайт ашсаңыз және kz доменін алсаңыз, сайт хостингі тек қазақстандық болуы қажет. Сапалы және арзан шетелдік хостингке қоя алмайсыз файлдарыңызды. Жаман болса да отандық қайғы хостерлердің "қызметіне" жүгінулеріңізге тура келеді. Менің ойымша алдағы уақытта kz емес com, net, org, info сияқты халықаралық домендер алып, шетел хостингтерінде орналасқан сайттар көбейеді.
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту