Ойды тек біздер өлеңмен өріп тастайық
Өлеңнің көркі шашбауын таққан сөз емес…
Астарын ойдың оқитын біздің көз емес…
Адамның жанын жаншитын «түйін» болмаса,
Әдемі сөзден «сөз сарай» салу бос елес!
Дуалы ауыз ақыны елдің емеспіз.
Сын айтса жұрттар сен сөктің бізді демеспіз.
Ал қане қазақ, сөзіңді сайлап мұнда кел!
Себебі Қазақ, өлеңнен кенде емессіз!
Ғафу ет халық, көбіңді сөзге қоспасам,
Қаласаң егер бәріңмен мен де достасам.
Жауабын беріп, ойымды қосып тұрармын…
Жұмысым бітіп, сәтін бір күтіп… бос болсам.
Өлеңін оқып тұрамын кейде Қисықтың,
Қасында оның біздікі қыңыр, қисық тым…
Демекші қисық, түзу бір жолда жүрсек те,
Сеземін өзім көптеген іске «қисықпын»…
Қателік кетер деп мүлдем біздер саспайық,
Ойды тек біздер өлеңмен өріп тастайық
Ал олай болса өлеңді жалға, жанып кет…
Көп созбай қане, айтысты достар, бастайық!
