Өз үйінде қайшы ұстамаған, жұмысында ою ояды :)
Анда-санда, қол босағанда қолөнеріме көңіл бөліп қоямын. Кеше түскі үзілісті пайдаланып, мына маталарға оюды бастырып алдым. Үйде бос уақыт тапсам кестелеймін.
Алдын autoCAD «қаламымен» радиустың бәрін келтіріп тұрып ою жасағанмын, қолдан қиқы-жиқы етіп оймаған соң тым «магазински» болып кетіп ұнамай қалып, қайтадан қолмен ойған ою еді. Қағаз бен маркер жұмыстыкі, матаны мамам қиып дайындап берген.
Енді келесі жолы кестенің суретін ілемін. Содан соң дайын көрпешенің суретін
Сапасы нашар болса да ілгім келіп отыр, үй жақтағы дүкеннен сатып алған жіптерім және инелер.
ал мынау кестелеп бастағаным
ал мынау 4-5 жыл бұрынғы кішкене шедебірім
менің көрпешем құрағанда шамамен мынадай болады, әлі «ауы мен бауы» бар, бітпеген жұмыс
