Ескі архив · 10.06.2011 20:11

Атырау блогшыларының kerekinfo туралы ойлары

Кешегі блогшылармен кездесуіміз құр сөз болып қалмасын деп, әрі түбінде осы kerekinfo-ны қазақ тіліндегі үлгілі бір жобалардың біріне айналдырайық деген ниетпен шағын сауалнама жүргізген едім. Соны ұсынып отырмын. Атырауда жүргенде өзімді бөтен қалада жүргендей сезінбедім. Үнемі айналамда танитын адамдар болды. Бәлкім содан болар. Бұған дейін келгенде мұнша таныстарым жоқ сияқты еді. Мына барысты өткен жолы келгенде де көрген едім. Әлі де сол ғимаратқа қарап, айбар шашып тұр екен. Бір ырыммен жасалған болар деп түсіріп алдым. Мына әдемі оюды «Самұрық» деген мейрамхана ішінен көрдім. Іші қазақи оюлармен әрленген. Әрі өнерпаздар күмбірлетіп күй орындап отырған мейрамхананы алғаш көруім еді. Пысы. Атыраудағы барлық блогшыларға әрі олармен кездесуге себепші болған Алматыдағы блогшыларға да үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Суреттер Атырау қаласын аралап жүргенде түсірілді.
Авторы:
urimtal

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту