Ескі архив · 10.06.2011 11:43

Атыраудағы басқосу

Танымал блоггер, журналист Асхат Еркімбайдың кезекті сапарына орайластырылған Атыраулық керекшілердің бас қосуы кеше «Фаворитте» басталып, «Самұрық» мейманханасында жалғасты. Қатысқандарды фотобаян арқылы біле жатарсыздар. Ойым — осы кездесуде бәрімен амандасып, бір сәлем беру еді. Қазақ күйінің сүйемелдеуімен, тары салынған қазақы қою шайымен ерекше атмосферада өткен отырыста Асхат, Нұрберген және Алишамен танысқаныма қуанышты болдым. Ал Маратхан, Алмастармен ескі керектен таныстығым бар. кәрі қасқырлар Самұрық ішінде: Асхат Еркімбай Сигма Нұрберген мен Маратхан Асхаттың қоржынынан: Тәттілер: Маратханның Асхатқа сұхбат беріп тұрған сәті: осылай тарқастық ПыСы: Салиқалы әңгімелер айтылды
Авторы:
Gulistan

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту