Ескі архив · 10.06.2011 16:26

Бәріңе! Шақырту! Ашылу!

Құрметті, блогшылар! Бұрыннан жоспарланып жүрген жобамыздың (Блогшылар құрылтайына қатысқандар біледі) пилотты нұсқасы дайын болып қалды. Жоба деп отырғанымыз kinostan.kz сайты. Бүгін жұмадан сенбіге қараған 8 сағаттық түнді порталдың тех.жұмыстары мен аударма жұмыстарына арнауға тура келіп тұр. Өйткені сенбі күні, яғни ертең, яғни 11 маусымды сайттың ресми ашылған күні деп жариялағымыз келеді. Сол орайда, сайтпен кеңірек таныстыру үшін блогшыларды, журналистерді шақырамыз. Баспасөз-маслихаты дейін десек беделді БАҚ өкілдеріне ресми шақырту жіберген жоқпыз, және жар сала жариялауға үміттерді ақтай алмай қаламыз ба деп қорқып отырмыз. Жәй ашылу салтанаты дейін десек, салтанатты ештеңе жасамаймыз. Жәй ғана сайтты таныстыру, көрсету, қызығушылық ояту, сұрақтарға жауап беру және серіктестер мен кино саласында жаза білетін көмекшілерді іздеу. Өтетін уақыты: 11 маусым 2011 жыл, сағат 14-00. Өтетін жері: Алматы қ., Қазыбек би к-сі (бұрынғы Советская), 50, 3 қабат, 100 офис; Панфилов пен Фурманов көшелерінің ортасында, жолдың үстіңгі жағында, «СОХО» мейрамханасының, «Банк Центр Кредит»-тің қарсысындағы үш қабатты ғимарат. Сонымен, келіңдер, күтеміз. Сәлеммен: @qisyq, @patick және @blackbeard, @e_zhalgas, @Erbol P.S. Келетіндеріңізді жазбаша түрде растап, kinostan.kz@gmail.com поштасына хат жолдасаңыздар өте жақсы болар еді. Бұл өте маңызды.
Авторы:
patick

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту