Орташа Есеппен Қазақ Журналисі
— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;
— Міндетті түрде ауылда туған болады (қалада туғандары — орыс редакциясында);
— Онымен сөйлескен адам: «журналистпен сөйлесіп тұрмын!» деп, өзін бақытты сезіну керек деп есептейді;
— Газетке, ТВ-ге біреуді шығару арқылы, оны бақытты қылдым деп есептейді, қарсылық білдірсе түсінбейді.
— Жауабы — сұрақтың ішінде тұрған сұрақтар қоюдан — әлем чемпионы. Мысалы, онсыз да дым айта алмай қор болып отырған менттің бастығына: «Қылмысты осылай алдын алып отырса, нұр үстіне нұр болмас па еді?» деген сұрақ қояды. Бірақ кейде менттер оның да жауабын ойланып отырады.
— Оның ойынша ҚЗда мәселе бітпейді, әсіресе тіл мәселесі және қазақты өте бейшара қылып суреттейді;
— Неге екенін қой білед: Замбия мен Қырғызстан міндетті түрде Қазақстаннан артта келе жату керек деп ойлайды;
— Мақала тақырыптары сәйкесінше “ойбай!” стилінде болып келеді;
— Еркектері алқаштау келеді;
— Интернеттегі материалды сілтемесіз ұрлай салу — талантсыз журналисттің бас кәсібі;
— Ең топас анекдоттардың хас шебері.
— Кез-келген саладан колонка жүргізе алады. Мысалы, 20 гигабайттық флешкілер заманында, 3,5 дискетаның шыққаны туралы анонс жариялайды.
— Спортты әдеби тілмен жеткізеді. Сондықтан, “Ривалдоның жалындай жасып, темірдей тегеурінімен тепкен добы — қарсылас қақпасының қақ ортасында тулап жатыр!” деп үлгіргенше, қарсылас жағы гол салып үлгіреді;
— Ұйқасқа үйір келеді.
— Internet-те, тіпті Ethernet-те аноним пікір айтуға шебер. Нанбасаңдар, осы посттың коменттерін қарай жүріңдер.
Жалпы, «глав.редтерінссс» дегеннен басқа сөз келмей отыр бұларға, нақтың.
P.S егер сіз журналист болсаңыз және мұны оқып отырған болсаңыз, демек сіз Орташа Есеппен Қазақ Журналисі емессіз деген сөз, олар Моймир мен Абай кизеттен басқа қазақша сайттарды білмейді :)
