Бурабайға барсақ...
«Кел» дегендей болды Көкше,
«Күмбезіме шық» дегендей болды Көкше,
«Көкке төбеңді тигізейін» дегендей болды Көкше,
«Күнге бетіңнен сүйгізейін» дегендей болды Көкше. © Сәбит Мұқанов
Қилышалдың тылсым табиғатымыздың суреттерін көбейту керек деген тақырыбын оқып, «менде де бар ғой ондай суреттер» деп ойладым. Әрине, Көлсай да емес, Қайыңды да емес… Ол жаққа бару бақыты әзірге бұйырмапты… Маған қол жетімдісі жанымыздағы Бурабай болыпты. Ия, Қазақстанда атақты жер, интернетте суреттері онсыз да көп шығар, әйтсе де артық етпес.
Сонымен, керекшілер Бурабайда жиналса, оларды онда не күтеді?
Абылай хан алаңы: кезінде үш бимен осы жерде ақылдасып, үш жүздің басын қосқан екен дейді ел аузындағы аңыз. Айтпақшы, таудың оң жақ шетіндегі сызатты көріп тұрсаңдар, вот, сол жерге самолет құлаған.
Мынау «етімді шал сипаған, құрт жесін» деп суға батып өлген қыздың орнында пайда болған Жұмбақтас. Бір жағынан қарасаң жас қыз, бір жағынан қарасаң, мыстан кемпірге ұқсайды деп жатады, өзім байқай алмадым
Талай сайыпқыран оғын жеткізе алмаған Оқжетпес шыңы))
Сол маңайдағы суы ең мөлдір көл — Үлкен шабақ көлі
Суының мөлдірін-ай!
Былай күнге қыздырынуға да болады
Бурабай көлінде катамаран, қайықпен жүзуге де болады
Жергілікті зообақ бар. Кей аңдардың халі мүшкіл
Ең сұлуы
Арасындағы ең алаңсызы мына лама секілді. Берген шөбіңді күрт-күрт күйсеп тұра береді
Пай-пай панорамалар
З Ы: Великқұмарларға: велосипед жалға алуға болады. Экстрим
