Ескі архив · 11.06.2011 01:43

Үздік төбелес қойылымдары

Өзімше кинолардағы ең мықты төбелес көріністерін жинап көрмекшімін. Сендер де, ақалтеке демей-ақ қояйын енді, тым болмаса пони салыса отырсаңдар ) Негізі, Интернеттегі көп пікірлер бойынша, фильмдердегі ең мықты төбелес қойылымдарының бірі «Доңғалақты дәмхана» («Meals On Wheels») фильміндегі Джеки Чан мен «Реактивті» Бенни Уркидестің* төбелесі дейді. Өз басым келіспеске шарам жоқ. Бенни Уркидес 1952 жылы туған. Кәсіпқой кикбоксер. Жалпы карьерасында 200, ал чемпионаттардағы кәсіпқой карьерасында 63 жекпе-жек (57-сін нокаутпен ұтқан) өткізген. Солардың бір де бірінде жеңілмеген екен. Тіпті «кикбоксинг» терминінің авторы да осы Бенни Уркидес дейді, рас-өтірігін кім білсін Кейінгі шыққандардан өзіме Тони Джааның «Онг Бак» пен «Том Юн Гун» фильмдеріндегі төбелестері ұнайды. Маған «Онг Бактағы» қылыштасатын жері ұнаушы еді. Таппадым Тони Джаа — қылыштасудан Таиландтың чемпионы Қытай фильмдерінен «Ип Ман» фильміндегі Донни Йеннің мына төбелесі ұнайды, сосын. Қияли төбелес, бірақ сонда да ұнайды, «Матрицадағы» сым-фуға қарағанда ): БОНУС: Youtube сайтында мынаны кинодағы ең нашар төбелес деп шығарып қойыпты ) Сендерге қай фильмдегі қай төбелес қойылымдары ұнайды?
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту