Ескі архив · 12.06.2011 22:03

Ауылға барып қайттым...

Бүгін ауылға барып қайттым. Керемет әсерде қайтты деп ойласаңыз — мүлдем олай емес… Күн бүгін ерекше ыстық болып, өзімді өте жайсыз/маңызсыз сезініп, басым ауырып, быт шыт болдым. Ауылға барып әке-шешемді, інім Исмайыл мен Шымқаладан жазғы демалысқа келген марқұм ағамның жалғыз ұлы Жанболатты көріп қайттым. Үйде анамызды Апа деп, әкемізді Тәте (аға) деп өскенбіз. Күннің ыстығы жақпай мазамды кетіріп бір бөлек, қарындасымның қалайша ауруханаға түскені бір бөлек қуырды мені… Ол жағын мен айтпайын, сіздер білмей ақ қойыңыздар… Құдайдан амандығын тілеп отырмыз… Сонымен, бірнеше сурет түсіріп алғам ұялы телефоныммен, сонымен бөлісейін. Біздің учаскеміз ауылдың шетінде, өзеннің шет жағасында орналасқан. Ауылдың сыртынан автобустан түсіп қалып, жаяу келе жатып мына балақайларды көріп қалдым)) Мына жүрістерін көріп балақай кезімді еске салды))) Сіздердіңде осылай қол ұстасып жүргендеріңіз еске түскен шығар?))) Кезінде «Star Wars» деген сағыз шайнайтынбыз, ішінен түрлі робот жауынгерлер мен мынадай соғыс түйелері бар жапсырма сурет шығатын. Сырдария өзенінен өтіп, ауданға кіреберіс жерге ескерткіш дейм бе, әлде басқа дейм бе, жалпы айтқанда сол 'Star Wars'тағы соғыс түйесіне ұқсатып мына бір «бейбітшілік» түйесін орнатыпты. Дәл осы жерден Шымкентке дейінгі жол 200км. Мынау Мақтарал ауданына кіреберіс жер. Сол жаққа жүрсеңіз — Атакент қалашығы, оң жаққа жүрсеңіз — Асықата кенті, екі қалашық арқылы да Жетісайға бара аласыз. Дарбызсүйер сайттастар үшін)))) Биыл дарбыздың 1 келісінің орташа бағасы 30 теңге дейді мына інішек. Солай сайттастар, бәріңізге тыныштық пен амандық тілеймін!
Авторы:
direct

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту