Ескі архив · 13.06.2011 14:02

Асан Пердешов: Тек сені сүйдім "Қалдықызым" деп...

Мен: — Ассалаумағалейкум Асеке Асан: — Уагалайкумсалам… Мен: — Сенің бірінші бейнебаяның "Қара қызым" қалың көпшілікке ұялы телефон арқылы тараған деп айтушы едің?.. Асан: — Ия /күлді/ Мен: — Бұл жыл сенің шығармашылығың несімен ерекшеленуде? Асан: — Өзіңіз білетіндей көптен күткен есеп концертімді Шымкент қаласындағы «Халықтар Достығы үйінде» өткіздім. Қалай өткенін көрермендер бағасын беріп жатар, ал өзіме келер болсақ жақсы дәрежеде өтті. Кештің бейнелік нұсқасын жинақтарымды шығарып отырған "Қазақ толқыны" студиясы сауда орындарына шығарылуына ат салысып жатыр. Мен: — Сын пікірлер, алып қашпа әнгімелерге көзқарасың қалай? Асан: — Сын-пікірлердің легін есітіп біліп жатырмын. Тыңдаудан шаршамаймын. Мүмкіндігі барынша сол пікірден ортақ түйін қорытынды алуға тырысамын… Журналистикаға келер болсам қазіргі таңда шығып жатқан журналдарда жазылып жатқанның барлығын рас деу қиын. Оның алыпқашпа әнгімеге арқау болатынын да жасырмаймын. Бірде көзім ауырып емделіп шыққанымды есіткендер «Жаман ауырумен Асан хал үстінде жатыр екен» деген сөз тарап жолдастарым қоңырау шалып, жағдайымды біліп жатқан кездер де болған. Бірақ көрші облыстан гастрольдік сапардан келе жатқанымда «Асан көлік апатынан қайтыс болыпты» деген де хабар тарапты. Мен байланыс жоқ жерде келе жатқанмын. Таныстарым бір дүрлігіп ақырында "Ұзақ жасайды екенсің" деп көңілдері орныққаны бар. Мен: — Керекинфоға кіріп тұрасың ба? Асан: — Компьютер алдында уақыт тапсам кіріп тұрамын… Тіркелмегенмін бірақ… Өзіңіз тіркеп берсеңіз басқаша бір никпен, дұрыс болар еді… Мен: — Кімге сәлем айтасың? Асан: — КЕРЕК деген — депутат, асаба, журналистерден бастап мектеп оқушыларына дейін ғажап контингент. Бәріне, Барлығына… ҮЛКЕН, ҮЛКЕН сәлем!.. Тек мені сүйдің Қалдықызым деп, Қалдықызым деп… /@Zilolaның жазғанын есіне түсіріп әндетіп айтып бір күліп алды/ Қалдықызға жеке сәлем… Мен: — Керекшілер кездесуіне қатысуға қалайсың? Асан: — Шақырсаңыздар егер, қолым бос болып тұрса міндетті түрде барар едім… Бұдан былай КЕРЕКТІҢ керекшісіне айналғалы отырған Асанға сәттілік тіледік… Суретті астына қойдым… /А4 форматына тілек жазып қол қойып, подчеркінен ұялып жыртып тастады/ /Шымқаладағы кештегі суреттерден/ Жаңа әндері Ұмыта алмаймын
Авторы:
edige

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту