Ескі архив · 13.06.2011 13:32

Бітіруші түлек және жас маман туралы ойым

Маусымның басталуы Қазақстан үшін ерекше науқанның басталғанындай. Бұл өмірге жолдама беретін науқан десе де болады. Қанша түлек сынақтан өтті, қаншасы сүрінді, қаншасының сағы сынып, өмірден түңілді. ҰБТ басталғалы БАҚ сайрап жатыр, ағы бар, қарасы бар, тек анығы үлкен сұрақ астында, шара қолданып жатыр қанша ма. Бұл бөлек әңгіме. Мектеп бітірушілер туралы біраз әңгіме естиміз, шыны керек 11 класты озат оқығандар сүрініп, сыбай салтаң жүргендер озып жатырғанын ел айтып отыр. ҰБТ басталарда -таныстарың жоқ па?- деп жүрген бір адам. Мен бір-ақ нәрсе түсіндім. Өз білімі жеткілікті түлек еш бөгетсіз біліміне сәйкес оқуға түсе алады. Ал қалғаны бос далбаса әңгіме. Сатып алушыларда ми жоқ дер едім. Неге десеңіз, айтайын. 1 Алтын белгі. Осы алқа не үшін пайдалы деп ойлайсыз? Әрине еш көмегі жоқ. Олай дейтінім, бұрынрақта алтын белгі иесі емтихан тапсырмай ЖОО түсуші еді, қазір тапсырады. Конкурста қажет дейсіз бе? Алтын белгі алу үшін максимум балл жинау керек, конкурстан проблема болады деп ойламаймын. Тек сәндік үшін выпускнойда тағам десеңіз, шаруам жоқ. Нағыз „Алтын белгі„ иегері ҰБТдан сүрінбеуі тиіс. 2 Грант. Ресмиемес (халық аузынан) ақпараттан қанша тұратынын естіп жатамыз, ойлансаңыз төрт жылдық оқу ақшасы. Сондағы резон стипендия ма? Әлде әке-шешең -Менің балам грантта оқиды,„-деуі үшін бе? 3 Коммерциялық. Енді нағыз түсінбейтінім осы. Өздігінен 50 балл жинай алмау нағыз масқара емес пе? Өйткенше коледжге немесе КТМ-ге бара салмайды ма? Есесіне өз мамандығының иесі болып шығады. Қазір қанша ЖОО түлегі, жұмыссыз жүр. Осының себептерінің бірі сапасыз мамандарда, әрине оқытушылар пәлен-түген деген әңгіме шығады. Бірақ әркім өзіне жауап беретін болса, ЖОО бітірген түлектер неге пайдаға аспайды деген сұраққа жауап ала алады. Себебі ЖОО оқу орнына жоғарыдағылар оқыса қайдан сапа болады? Қанша ЖОО түлегі қара жұмыс жасап, жер қазып(тура мағынада) жүр. Осының бәрі неге? Себебі әр адам өз деңгейін біледі, дипломы бола тұра еңсесңн көтеріп, мына салада қызмет етейінші деп, мекемелердің табалдырығынан аттай алмайды. Содан келіп, жемқорлық, таныс-тамыр (ол да жоқ емес болар) деген әңгіме айтады. Әрине Сіз басқаша ойлауыңыз мүмкін, бөлісе отырыңыздар
Авторы:
sigma

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту