Хан шатыр
Жексенбі күні кештетіп Хан шатырға барған едік. Қызыл жағалылар қарсы алды. ОСО жабық тұр екен. Өткенде жөндеу жұмыстары болады екен, уақытша жабылады деген әнгіме естіген едім. Рас болып шықты. Ашылуы осы айдың 15-не.
Ал мынау Хан шатырға қарсы бетте тұрған мүсін. Қателеспесем "Ғашықтар" деп аталады. Жанына барсаңыз мүсіншінің керемет жұмыс істегенін байқайсыз (мүмкін негізгі мамандығы анатом шығар).
Қыздың бүкіл ішкі құрылысын көруге болады. Ол жерге туған туыстармен барсам көрсетпей айналдырып әкететін шығармын.
Жаңа жұмыс күндеріңіз сәтті басталсын!!
