Ескі архив · 13.06.2011 16:13

Киностан һәм блогшылар. Минибар

Сонымен… сайт ашылды. Киностан дейтін. Оу баста бірімізде әуесқой сайт, бірімізде блог ретінде күн кешкен идея енші алып, жеке шықты. Болашақта, Құдайым жазса, кем дегенде жиырма қабат болар ғимараттың қазықтары қағылды, іргетасы қаланды, алғашқы кесектері құйылды (стройбригаданың бастығы — @blackbeard). Алдымен алған ісімізге бауырлық ниеттерін білдірген блогшыларға сайттың бетін аштық. @urimtal бізге өте қажет ұсыныстарын айтты, көрсетті, @Zere, @Zilola, @monti, @balgyrgan, сосын сонау Павлодардан келген Айжан қуанғандарын айтты, ниеттерін жеткізді. Салыстырмалы түрде кейін келген @madlen, @blackbeard және @Kozy шай ішті, пішәнәй жеді, әсерлерін білдірді. «Одна голова хорошо, а двух не бывает» дегендей, бұл бір пайдалы кездесу болды. Қосымша ұсыныстар айтылды, жетпей, жетіспей жатқан жерлер сөз болды, сенім ұялады. Аяғында, блогкемптің алдындағы кездесулердің стилінде мамыражай атмосферада шай іштік, Қалдықыздың пісірген тортын жедік (ұсақ әңгіме демеңіздер) Алдымызда ох, қандай жұмыстар тұр. Киностан баянды жоба болады деп үміттенеміз… Төменде суреттер. Сайттың бас әкімшісі Ернар Бекенов кездесуге дайындалып жатыр. Киностанға күшті суреттер түсіріп жүрген Монти. Суперұсыныстарды суперблогшы Асхат Еркімбай айтты. Өрімтал және қызғылт қоян. Осы Салтаның күлкісі бар ғой… Мұқият тыңдау Павлодарлық блогшы Айжан Байтанова «Сайттың сықпыты осы. Сұрақтар?» © Ернар «Ой-ля-ля, ой-ля-ля Ақзере мен Зилола» © AKY No comments Серенаданың салдары Сайттың техникалық титандары — Садық пен Ернар Керекшілер бұл жерді де флудтап кетті. Таныстырылымға келген барлықтарыңызға рахмет! Киностанның тек қонағы ғана емес, белсенді қолданушысы да болыңыз Құрметпен, тең дәрежелі төраға (қалай,ә?) Қисық
Авторы:
qisyq

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту