Өзбекше 2 рэп. Шахрух
Қазақша рэп дегенде — шынымды айтайын, ойыма ешбір қазақ ойыма келмейді. Бәлкім, қазақ рэперлерін тыңдамайтындығымнан, немесе олардың шығармашылығы ұнамайтындығынан, немесе басқа себебі бар шығар, білмедім. Ерболатты айтпағанда.
Түскі асқа асығып отырмын, шынын айтсам)) Содан қысқа қайырайын)
Өзбек елінің ең алды рэпері — Шахрух (Шохрух).
1986 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген.
Ресми сайты www.shoxrux.com
Сонымен, осы рэпердің мен ұнатқан 2 клипін қабыл алыңыздар.
Екі клипте де қоғамның өзекті/актуалды мәселесі айтылып, көрсетілген.
1-клип. Қате (Хато). Отбасылық мәселе.
сілтеме www.youtube.com/watch?v=jlRBGpG81YU
2-клип. Балалығым (Болалигим. Жетім балаларға арнаған әні.
сілтеме www.youtube.com/watch?v=OQocB4llBHI
Екніші әннің сөздері:
Балалығым
1.
Кім келеді ертең арғы күн, мені сұрап,
Деген сұраққа – жауап әле жоқ, бәлкім, алдайды
Кезекпен кезек өтеді, күндерім тыныш өтеді
Назарым менің көшеде, жолдарда.
Өткен кеткендерге қарап, әуес қыламын
Олар жанұя, олар әке-бала
Дүниедегі ең жақын адамдар бірі-біріне
Жалғасады, өмір жалғасады
Киноны қайта қойғандай, ниетпен күнде өтеді
Назарымда, босағада ата-анам:
«- Ұлым бүгін үйге қайтамыз!», сағындым анашым…
Хор:
Аспандағы шуақты күн, әрқашан болсын жолдас
Балалығым…
Сол бір ғажайып күндер, ата-ана бауырында
Балалығым…
Көз жас төгілген күндер, мәз мейрам болған түндер
Балалығым…
Бақытты сәтті санап, түні күні еске алып
Балалығым…
2.
Және қаншама балалар дүниеде, есте болуы керек
Құдайдың пендесі олар
Айталмағандар анашым және мама.
Әке сөз жәрдемін білмегендер де.
Айыпсыз, бейкүнә жетім болғандар,
Жылап, шарасыздарға арнап.
Бағыштадым бұл әнімді.
Әке батасын алмағандар
Аға мейірімін сезбегендер
Қарындас еркелігін білмегендер
Ана сүтін ембегендер
P.S: Мен түскі асқа кеттім, келген соң гәпләшәмыз)))
