Maybach тағдыры қаралуда
Бұрын қымбат көліктерді көргенде, соны жасайтын өндірушілер жынннды пайда табатын шығар деп ойлаушы едім. Қайдағы, нақтың. Міне, сондай машиналардың бірі Maybach брендінің тағдыры қаралып жатыр дейді. Бұл брендтен шығынға батып, Daimler AG зайып алы шыққан көрінеді.
Өндірісі 2002 жылы қайта қолға алынған бұл брендпен осы күнге дейін 1500 бірлік автокөлік сатылған екен. Соңғы жылдары көрсеткіштері көңіл көншітерлік емес: 2009 жылы 200 ғана машина сатса, былтыр бұл көрсеткіш 160 бірлікке түсіп кеткен.
Енді ары қарай не болары 1 шілде күні белгілі болады-мыс. Не брендті сатып жіберуі мүмкін, не мүлде жауып, өндірістен алып тастауы мүмкін. Ондай жағдайда бұған дейін шығып келген Maybach көліктеріне қарап тамсана отырып, «жынды көлік еді шешесстің» деп еске алуымыз ғана қалып, енді қайтып жаңа Майбахтарды көрмеуіміз ықтимал. Көріп жүргеніміз де шамалы ғой, бірақ… (Осы жерде сұрақ: осы күнге дейін көшеде қанша Maybach көрдіңдер?) ))
Азғантай инфо:
* Maybach — әлемдегі ең жылдам жүретін лимузин.
* Оның моторлары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістің танкілерінде пайдаланылған екен.
Инфоның алынған жері
