Менің Ақзерем - X жаста! (мұндағы X in [16...18])
Бүгін көктемнің үш, жаздың жарты айын түнеріп шыққан Мазари Шәймерден аспаны кенеттен жарқ ете қалғаны! Талдың бұтағын дірілдетер титтей де жел, бір шөкім бұлт жоқ! Мұның сыры неде деп отыр едім. Сүйтсем — менің Ақзеремнің туылған күні екен!
Не дейін енді, не дейін! Таусылып сөйлейтін сөз, арфаны күмбірлетіп төгіп жіберетін күй, сегіз жол арнау шығарып жіберетін талантты Шива бермепті, нұрбергенмақымсстың. Ендеше не тілеп тұрғанымның барлығын айтып беретін… көздерімнің потосын жекеге жіберемін! Асты шамалы ісіңкіреп кеткенніне мән берме, сен жанарларымның не деп тұрғанын қара, Ақзере! Туылған күніңіз құтты болсын!
