Тағы бір редактор
Ubuntu-ға көшкенен бері бір сыпыра бағдарламаларды қондырып, игеріп те қалдым. Бірін күнде пайдалансам, бірін ара-тұра дегендей. Бүгін бір шаблондарды қазақшалап тастайын деп, ұнағанын түсіріп алсам, ішінде дайын *.ро файлы бар екен. Еш бас қатырмастан өткен жолғы bluefish-ке салдым да бұрқытып шықтым. Енді бұл файлды *.мо етіп конвертация жасау керек еді. Өткен әзірде терминалда бір комадалар арқылы конвертациялауға болатынын оқыған едім. Гуглдетіп таба алмадым, сәпсем ештеңе емес таптым, бірақ мен үшін түсініксіз жазылған екен.
Бұрын виндоуста жүргенде PoEdit деген редактор қолданушы едім, соны да бір қарайыншы деп гуглдетіп отырып таптым, убунтуға арналған түрін.
Ubuntu 10.10 үшін стандартты репозиторилер қатарына енгізілген екен. Орнатылуы да жеңіл:
sudo apt-get install poedit
