Жазаланса, ох, әділеттің ақ қылышы тура қолтықтан шауып түсірсе - 9 !!!
Кейбір ептібайымайдтар мен малаатаңанәлар бар. Көшеге кепкінің орнына дамбал киіп шықпайды. Бірақ.
Бірақ ептібайымайдтың үйіндегі краннан — ыстық судың орнына салқын, салқын судың орнына ыстық су ағады! Ағызып-ағызып жіберіп, салқын сумен бетімді бір сипап алам деп енегіңе дейін күйдіріп алып, қызылшақа күлдіреген саусақтармен ет жеп отырасың сосын!
Ол аздай, туалеттің орнына ваннасының, ваннасының орнына туалетінің сібеті жанады! Тіпті шытырмандары да болады: ваннасының сібетін жақсаң, туалеттің сібеті сөніп қалып, ішінен әдетте қатын баж ете қалады.
Қолдары көттерінен өскен электриктер мен сантехниктер осындай салақ жұмыстан қайтып келе жатқанда, Беларустың қалағының тістері нақ тастарының тұсынан қадалып, реанимацияға түскенде — оттегі баллонын ауыздарына емес, көттеріне жалғап қойса! Ох сүйтетін болса, сірә армансыз өттім деп, ақирет күні күлімдеп өтер ме едім мынау ит-шошқа пәниден!!!
