Ескі архив · 15.06.2011 19:00

Жігіт қызды ұнатса...

Бұл түріммен нағыз жауыз қыз мен болатын сияқтымын бұл дүниеде. Барлығы айтады: «неге сен сондайсың?», «неге тырысып көрмейсің?», «неге дереу өзіңнен адамды алыстатасың?» — деп… Ал мен айтам: «А жақындатқаннан не пайда?»… «Жақындағысы келетін адам өзін өзі олай ұстамайды...». Сосын барлығы бірден: «А, қалай ол солай ұстамайды деген?» — деп қызығады… Жігіт қызды ұнатса, оған бір құшақ раушангүл береді… Жігіт қызды ұнатса, ешнәрсеге қарамай, жан-жақты пікірлерді елемей ұнатады… Жігіт қызды ұнатса, қыздан лезде жауапты керек етпейді… Ол ұнаттым екен деп міндет етпей, шыдамдылық танытады. Жігіт ұнатса, артық сөздермен емес, жақсы көріп, сені дүниедегі ең керемет қыз екеніңді айтпаса да, білдіріп тұратын көздерімен ұнатады. Жігіт ұнағысы келсе, сенің құрбыларыңа да көңіл бөліп, сенің ортаңды сол күйінде қабылдайды. Жігіт қызды ұнатса, одан «тааак, қайда барамыз?» — деп сұрамайды. Сұраса да, жауап алған соң «а онда не бар?» демейді Жігіт қызды ұнатса, сен таңдаған киноны көреді. Жігіт қызды ұнатса, оны тексермейді. Не болмаса тексеру үшін жасадым деген артық қисық қыңыр мәні жоқ сөздерді айтпайды. Жігіт қызды ұнатса, ұсақ әңгімемен сағыңды сындырмай, керісінше, сені қолдап, басқалардың көзінше көтеріп жүруге тырысады. Жігіт қызды ұнатса, оны шексіз құрметтейді. Жігіт қызды ұнатса, оған сенеді, еркелігін көтереді, жылағанын көтере алмай, ол үшін барлығына дайын екендігін көрсетеді. Жігіт қызды ұнатса, оны жылатпайды. P.S. Әрине, бұл менің ойым енді. Сенікі дұрыс емес десеңдер, өздерің біліңдер. Бірақ ішімде жиналып қалған заттар бұл, так что переубедить не получится.
Авторы:
madlen

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту