Ескі архив · 16.06.2011 14:49

Beef деген не?

Тақырып сиырдың еті туралы емес. Хип-хопта осындай бір ұғым бар. Рэпперлердің арасындағы дұшпандық, бәсекелестік деп түсінуге болады. Рэпшілер, жалпы тек рэпперлер ғана емес, әртүрлі тәсілдермен бір-бірін кемсітіп, мұқатып, мазақтап қалуға тырысады. Мұндай әрекеттер дисс (ағылшынша «disrespect» — «сыйламау» деген сөзден қысқартылған) деп аталады. Биф деген — екі тұлғаның (мейлі заңды болсын, мейлі жеке) арасындағы осындай дисстердің жиынтығы. Рэпте бифтің ең жарқын мысалы ретінде 2Pac пен Notorious B.I.G. марқұмдардың арасындағы жағдайды келтіруге болады. Сонымен, төменде — рэп тарихындағы ең жесткий дисстердің бірі. Өлеңде нормативтен тыс лексика бірліктері көптеп кездесетіндіктен, өздерін мәдениеттімін деп санайтын кісілердің тыңдамай-ақ қоюы рекоменделеді. 2Pac ft. Outlawz — Hit 'Em Up (Ноториусқа шығарған диссі) Қауымдастықтағы тақырыптарды қадағалап тұрыңдар: алда қазақша рэптегі биф туралы тақырып болады
Авторы:
omarbirat

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту