Мінсіз әйел осындай
Мінсіз әйел қай жағынан қарасаң да мінсіз болады.
Оның сұлулығы еркектің барлық талаптарына сәйкес. Оның емшектері, оның көтені және басқа жерлері дәл еркекке қажетті пішіні мен көлемде болады, және барлығы табиғи болуы тиіс. Мінсіз әйел шашын боямайды, және солярий аралап сандалмайды.
Мінсіз әйелдің сезімталдығы мен ақылдылығы соншалық, еркекті сөзсіз түсініп, барлығын алдын ала біледі. Білгенімен мақтанып, білімділігін көрсетпейді. Ол өз ақылдылығын тек еркекке қажет боп қалған кезде ғана көрсетеді. Сөйте тұра өзінің еркегінен ақылды болмауы керек.Әрине ері қаласа, мінсіз әйел басқа еркектерден ақылды бола алады.
Мінсіз әйел қор қызындай сұлу, Эйнштейн мен Будданы ақылымен екі ораса да, өзінің еркегін тастап кетіп, одан мықтырақ нұсқасын табу туралы ойдың көлеңкесі де болмайды. Тіпті еркегі интернеттен шықпайтын, бір тиын ақша таппайтын, семіз, безеубет сілімтік болса да. Мінсіз әйел оны Брэд Пит пен Джонни Депптің өздері жеке келіп сөз айтса еріп кетпейді. Ергенің не, оларға тіпті бұрылып көзінің қырын да салмайды.
Сөйте тұра, ерінің басқа әйелдермен жымыңдасып, шүйіркелескеніне сабырмен қарайды — өзінің елден ерекше ақылдылығының арқасында ол зинақорлық — еркек табиғатының ажырамас бөлігі екенін түсінеді, керісінше ерін нағыз айғыр санап қуана түседі.
Мінсіз әйелдің қолынан келмейтіні жоқ: мәшине жөндеу, ремонт жасау, тігу, гүл өсіру, үйде тіске басар бір түйір нан жоқ болса да, ебін тауып ең мықты ресторанның аспаздарынша әр күні әр түрлі тағамдармен ерін таң қалдыра білу — бұлар мінсіз әйелдің ең кішігірім қасиеттерінің жинағы.
Мінсіз әйел кез келген жұмысты ерінің мазасын алмай атқара алады. Мәселен, үйді күніне екі рет еркегіне байқатпай, шаршамай-талмай жинайды. Еріне керек уақытта әрқашан қасынан табылып, қандай қиын шаруа болса да, ерінің миын жемей, өзі-ақ істей салады.
«Ақша таппайсың» деп ерін кінәламайды, өзі еркегінен артық ақша тауып, ортақ тірлікке жұмсауға тырыса тұра, ешқашан табысының ерінен артық екенін білдірмейді.
Мінсіз әйел еркектен өлсе де киім-кешек, туфли, сөмкелерге ақша сұрап тілемсектенбейді. Біріншіден, оның өзі ақшасы жетеді, екіншіден ол үлде мен бүлдеге мүлде қызықпайды. Бірақ бұл жәйт оның үнемі басқа әйелдерге қарағанда сәнді, моданың соңғы ағымына сәйкес және талғаммен киінуіне кедергі емес.
Егер еркек футболды сүйсе, мінсіз әйел барлық командалардың атын жаттап, соңғы жиырма жылда болған матчтардың нәтижесін және ең қызықты сәттерін есіне сақтауы тиіс. Алайда ері достарымен демалып, спорбарға футбол көруге кетсе, «бірге барам» деп балағына жабыспайды. Алайда еркек оны ертіп алғысы келсе, ол сіміре тойып алған еркектердің арасында матчты тамашалаудан ләззат алары анық.
Еркекке қанша ұл мен қыз керек болса, соншасын арифметикалық дәлдікпен туып береді. Және жүктілік кезінде оның көңіл күйі әдеттегідей үнемі керемет болуы керек. Бала босанған сайын денесі солып қалмай, құлпыра түсуі керек. Мінсіз әйелден туған балалар ешқашан шуламайды, сабақты жақсы оқиды, тәрбиелі және ешуақытта ауырып, әкесінің құтын қашырмайды. Әкесінің қолы тиіп, ойнағысы келсе, балалар әрдайым ынталы болады. Еркек балалы болғысы келмесе, мінсіз әйел де балаға аса құмар болмайды.
Мінсіз әйел өзі де ешқашан басы ауырып, балтыры сыздамайды. Тіпті «тұмау» дегенді білмейді. Ал етеккірі таңертең басталып, күйеуі жұмыстан келем дегенше аяқталады. Демалыс күндері мүлде келмейді. Еркектің оральды, анальды эксперименттерінің барлығын айырықша ынтызарлықпен орындап, сонысын мақтан тұтады. Тіпті еркектің қуат-жігері бір минутқа әзер жетсе де, мінсіз әйел тонналап оргазм алуға үлгереді.
Мінсіз әйелдің жеке өзінің сексуалды қажеттілігі мен қалауы болмайды, яғни еркегі нені қаласа соны бар ынтасымен қалап тұрады. Әрине еркектікі тұрмай қалса, я көңіл күйі болмаса, ол да секске немқұрайлы болады.
Мінсіз әйелдің құрбылары ең мейірімді, ең сүйкімді жаратылыстар. Егер еркегі оны ресторанға шақырса, құрбылары қуана-қуана балаларға қарап, жұбайлар Түркияға демалысқа кеткенде үйіндегі мысықтың қалдырып кеткен «кәкәсін» жинауға дайын болады. Той-томалақ бола қалса, мінсіз әйелдің құрбылары 200 адамға үстел дайындап, көмектесуге үнемі келісіп, қол ұшын береді. Бұл қыздар да өте әдемі, және мінсіз әйелдің еркегінің қырындауын қабылдап, құрбысына ол туралы жарты сағат телефонда отырып, тіс жармайды. Еркек риза болмаса, олар ешқашан қонаққа келмейді. Тіпті мінсіз әйелдің еркегін құрбысынан артық көріп тұрады.©Копипаста
