Ескі архив · 16.06.2011 01:44

Уыкыпедыа неге керек емес?

Айталық, ештеңе айтпалық. Шешінбестен бірдеңе дәлелдей бастаймыз. Алдымен, жұрттың барлығы келісетін постулаттар жасап алайық. Осы айда бала жасағандар бұл міндеттен босатылады. Сонымен, ақиқаттығына @AKY мен, оның түрік сұлтанына хат жазып, қазір драндулет мініп жүрген жетекшісі де күмән келтірмейтін постулаттар. 1.Ғылым ұлтқа тәуелді емес. 2.Кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады. Бұл екі постулатқа шәк келтіргендер болса, әрі қарай оқымай кете берсін: дендері дұрыс емес. Сонымен, ұлтжандылық аурасының мықтылығынан үстіне шыбын да қонбайтын Байқадам кентінің тұрғыны Шәріп Бозінгенов түнде “Есек” сөзінің анықтамасын уыкыпыдыаға салды. — Есектікі,-дейді ол, — кейде он бес сантиметрге дейін жетеді. Лібә, дейді сосын ол, өтірік болып қалмасыншы деп… өз тұжырымын орыс, ағылшын уыкыымен тексереді! Себебі: 1.Академиялық шешім шығаратын ең жоғарғы инстанция – ҰҒА-ның тек атауы қалған (НегеҰғыӘ? ©СаянҮш). 2. Кітап энциклопедияның іші – адамның есектерінен аяқ алып жүргісіз. Сонымен, бір күні Шәріп Бозінгенов ӨЗ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН ЖЕТКІЗЕТІН пяншіктен – тәржімашы-пяншікке айналады. Дәл сол уақытта күшті институттармен бектіліген фактілері бар, айталық – Макс Планк Институты — есектің қылшығының түсіне дейін енгізіп қояды. Немістер қазақтарды күтіп отырмайды әрине, себебі — “ғылым ұлтқа тәуелді емес”. Есектің қылшығынан шәлі тоқып сатпақшы болған қазақ кәсіпкер Әндірбай да қашан Шәріп жазады деп отырмайды. Бұ малдың не ішіп, не жейтінін зерттеу үшін ағылшын тіліндегі нұсқасын оқи салады. Яғни, “кез-келген күш, кедергісі ең аз тізбек бойымен ағып өтуге тырысады”. Әндірбай мәңгүрт пе? Жоқ! Әндірбай кәсіпкер! Шәріпті сыйлайды, бірақ кешір, фактілер тап қазір керек. Ендеше, ғылым ұлтқа тәуелді болмаса, ОНЫҢ ЖЕТКІЗІЛУ ТІЛІ ДЕ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС. Күнде миллиондаған адам машина жөндеуден бастап, желдеткіштің инструкциясына дейін неше түрлі тілде танысып жүр, тап осыны ешқайсысың жоққа шығара алмайсыңдар енді. Одан болмысы өзгеріп кетті деуге әсте болмайды. Ұшақтың конструкциясымен ағылшын тілінде танысқан кезде, бірден сұлы ботқасын жегің келіп, сағат бесте шәй ішкің келіп кететін болса – әңгіме басқа. Уыкыды дамытамыз деп, науқан бастап жүргендер – шын мәнінде ғылымдағы мәліметтер массивінің орасандығын елестете алмайтын дүрдараздар. Әйтеуір біреулермен жарысу керек. Оның орнына ағылшын тілінен сауат ашуды күшейтіп, дайын тұрған білім қорын пайдалану тиімді екенін біледі, бірақ ол туралы айтқылары келмейді. Себебі Уыкы оларға ғылым үшін емес… символ үшін керек. Тәуелсіздік, рух, т.б. көтритоизмнің әтірбұттары үшін. Аяймын кейде.
Авторы:
satibaldi

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту