Ескі архив · 17.06.2011 17:54

Аттікі

Мына ескерткіш Ресейдің Воронеж қаласында тұр, атқа арналған. Ескерткіш авторы өмірінде жылқы көрмеген сияқты. Алыстан қараған кезде бұл ат емес семіріп кеткен зебра мен арыстанның гибриді сияқты. Бірақ сыртқы келбеті маңызды емес. Детальдары қызықтырақ! Бұл монстрдың аузында шөп емес, рельс тұр! Мүмкін демеушілері Ресей Темір Жолдары шығар? Аттың құйрығы жоқ. Мұндай монстрға шыбын-шіркей онсыз да жоламайды деп шешкен болу керек автор, құйрығын кесіп тастаған қысқасы. Ал аттың көтін бітеп тастаған, мұндай рельс жейтін жалмауыз сондықтан болар жегенін шығара алмай осылай семіріп кеткен. Ал мына мүшесін автор бар ынтасымен, бар қабілетімен істеген. Өнерін аямаған әйтеуір. Бірақ, бірақ бұл аттікі емес қой ептібайымайт!
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту