Ескі архив · 17.06.2011 10:25

Әдемі қыздар туралы ертегі

Біздер қыздарымызды дүниедегі ең сұлу деп, мақтан тұтамыз. Шетелдіктер де, дипломатиялық тұрғыдан ойлайтын болар – мұнымен келісіп жатады. Алайда зер салып қарасақ, бұл қағидамыздың ранчосы шындықтан алыс жатыр, енесстің! Сөйтсек, әдемі қыз деген сөзіміз баяғыда-ақ жалаң фактіден гөрі — құр комплиментке айналып кетіпті, әжесс! ық-ық, әжесстер… Меніңше, қыздар шын мәнінде — күннен күнге құбыжыққа айналып бара жатыр. Кейбіреулеріне қарап, ең болмаса Квазимодо сынды жар табылса деп жалбарынасың. Жоқ, бұл әдемі қыздар тіпті жоқ деген сөз емес, әдемі қыздар тіпті азайып кетті деген сөз. «Ой нақ, жасың келіп, көрерін көріп болғасын айтып отырсың!» деп жеулерің мүмкін. Ендеше, әжелеріңнің бешпетін жамылып кете беріңдер, ептібайымайттар! Менің жасым (27), дәл сол объективті тұрғыдан қарауға мүмкіндік беретін жас: баяғыдай кез-келген қатынның төсіне ғана қарап, аузының суы құритын жастан кеттім; бірақ, қыздарға қызықпайтын жасқа да келген жоқпын. Мені баяғыдай жалаңаш балтыр, мини-юбкамен аулау қазір мүмкін емес. Тіпті, әдемі қызды көргенде, баяғыдай ойша шешіндіріп, жатып алудың орнына, ішімнен «осы сұлулығыңның қадіріне жете білетін жар табылғай!» деп тілейтін болыппын. Өкінішке орай, ондай тілек тілейтін қыздар азайған үстіне азайып жатыр. Кейбір қыздарға автобуста қарама-қарсы қарап отырып: «Қай сорлының қолына тап келер екенсің?» деп ойлайсың. Мысалы мына бір минимаркетке келген қыз, сырамен сырлас, темекімен дос екені айтпаса да түсінікті. Ол бар болғаны жиырма жаста ғана шығар, алайда әлпетінен, қырық жаста әжім боп жиырылатын сызықтары әлден көрініп тұр. Дене тұрқының болашағы да айқын: қырыққа келгенде белі мен иығының ені теңеспесе – СаянҮштің әруағы атсын мені! Енді бұл қызды ернінен сүйдіңіз делік. Әжесстің, болашақ алқаш кемпірді сүйіп тұрғаныңды сезбесең – мал екенсің! «Әкесстер!» — деуі мүмкін бұл мақалаға кейбір қыздар, — «Өздеріңнің түрлеріңе қарап алыңдар! Жастарыңа жетпей сырақарын болып аласыңдар! Сасып жүресіңдер! Отбасы құрудан тұра қашасыңдар!». Иә, келісемін. Алайда… Алайда, біздің елдің еркектері ешқашан әдемі болып есептелмеген де. Қыздардың көзінше біз әрқашан жатыпішер; американдықтан, немістен, жапондықтан – очм, бізден басқаларының барлығынан төмен болғанбыз. Біздер ешқашан канадалықтан көп ақша тапқан емеспіз, италдай ловелас болмағанбыз. Сондықтан ба, біз осы түріміз бен күйімізге келісіп, қол қойғанбыз… Бірақ, ештеңеге қарамастан Сіздерді әдемі дей беріппіз, шешесс… Қайтып алдым… P.S. Нақтар кілең! Дмитрий Соколов-Митричтің мақамымен, нақтың. © satibaldi
Авторы:
arshatoraz

Бұл — архивтегі автор аты, қазіргі сайттың аккаунты емес.

Автордың барлық архив посттары →

← Архивке қайту