Іріп-шіріп бара жатқан капитализм-3. Мемлекеттің қалтасы мен жеке әмиян туралы
«Елдің барлық нышандары болып еді бізде...» ©Білә қаған, Херарық қорғанынан табылған көне бұтақтағы жазбалардан.
...-Лібә, не тарылып отырсың нақ, ала салсайш?
-Кетшінақ, ала алмайм дейм.
-Лібәәә, баяғыда Мансұрды, Болатты, Сырғашты алдың ғой нақ. Енді жұмысқа Әйгерімді ала салш нақ, сосын сұрамайм!
— Лібә, баяғыда мен госкомпанияда істеген жоқпын ба, онда поқ еді, айлығы менің қалтамнан шықпайд. Қазір менікі — ИП, қалай алам нақ, шап-шағын конторға, оған отыратын да жер жоқ…
Уа ғақлия һәм уәсасуа мүкәммал мұғжизә мүмміндер, осындай көтқарастағы адам бар елдің адам болатынына әлі сенесіңдер ме?
