Шәмші ұнатқан дүнген қызы ...
Талас өзенінің жағасында Дүнген қызына ғашық жүректен туындаған әнге бүгін назарым ерекше болды. Көп есітіп жүрген болсам да әннің шығу тарихы қызықтырды. Білетіндер әңгімелеп берсе нұр үстіне нұр болар еді…
Дүнген қызы
с. С.Асанов
ә. Ш.Қалдаяқов
Түндей тұнық көздеріңнің қарасы,
Қосылардай қастарыңның арасы.
Жалт қарасам, жалын атқан ақ жүзің,
Алаулайды атқан таңмен таласып.
Қайырмасы:
Қиял қанша ертеді елес,
Дүнген қызы, арманым.
Кез боп келсем ертелі-кеш,
Сенен көзді алмадым.
Өзгені емес, өзіңді ойлап жүдедім.
Түсінер деп бір қазақтың жүрегін, сырғалым.
Кімге болсын сүйкімді бір баласың,
Көңілімді баурап алып барасың.
Гүлге орайсың, күнге орайсың жылда сен,
Елге жаннат ерке Талас даласын.
Сені ойлаумен артта суық қыс қалды,
Сені ойлаумен жазғы ұзақ күн қысқа.
Бақыт жайлы әнді бірге шырқайық,
Қонақтатып қойып бауға құстарды.
